WTI маркалы мұнай 1,56%-ға төмендеп, барреліне 80,77 долларға дейін түсті.
Ал ресейлік Urals маркалы мұнай 5,35 долларға немесе 7,2%-ға арзандап, барреліне 68,97 доллар болды.
Аймақтағы шиеленіс мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдерді сақтап отыр. Бұған дейін Араб коалициясы Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы қаржы орталығының мұнараларының біріне шабуыл жасалғанын хабарлаған еді.
Мұнай нарығына ОПЕК+ альянсының шешімі де әсер етуі мүмкін. Альянсқа мүше елдердің министрлері 29 қарашада бас қосып, 2027 жылға арналған мұнай өндіру саясатын айқындайды.
