Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қайрат Нұртас Атыраудағы концертінде жанкүйеріне Louis Vuitton көзілдірігін сыйлады

    Қайрат Нұртас Атыраудағы концертінде жанкүйеріне Louis Vuitton көзілдірігін сыйлады. 22 қарашадағы концерт аншлагпен өтті, желі қолданушылары видеоға пікір жаудырды.

    Қайрат Нұртас Атыраудағы концертінде жанкүйеріне Louis Vuitton көзілдірігін сыйлады

    фото: ашық дереккөз

    37 жастағы әртістің 22 қарашада Атырауда өткен концерті аншлагпен аяқталды. Қара түсті күннен қорғайтын көзілдірік Қайрат Нұртастың имиджінің ажырамас бөлігіне айналған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас Атыраудағы концертінде жанкүйеріне күннен қорғайтын көзілдірігін сыйға тартты. Әнші залдан бір қызды сахнаға шақырып, Louis Vuitton брендінің көзілдірігін табыс етті.

    Бойжеткен кумирінен алған сыйлығын желіде көрсетті. «Көзілдірік менде. Әлі күнге дейін сене алар емеспін», — деп әсерін бөлісті TikTok-та @ssamantaa20 нигімен тіркелген Қайрат Нұртастың жанкүйері.

    Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір қалдырды. «Неге екенін білмеймін, бірақ сіз үшін қатты қуандым. Қызыға қараймын», «Қандай керемет! Армандар орындалады», «Қандай қарапайым әнші», «Қайрат әрқашан халыққа жақын», «Сіз оны құшақтағанда жылып жібердім», «Ешкімге сатпаңыз», «Мен оны сізден сатып алар едім», — деп жазды олар TikTok-та.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →