«Ауыл шаруашылығына апат төніп тұр»: БҚО-да киіктен қорыққан шаруалар егістікті айналдыра ор қазып жатыр
Батыс Қазақстан облысында киіктің қаптауынан қорыққан фермерлер егістік алқаптарын айналдыра ор қазуға кіріскен. Шаруа қожалықтары саны күрт көбейген ақбөкендердің биыл да алқапты отап жатқанын айтып, дабыл көтерді, деп хабарлайды Qqazaq.today ақпараттық порталының тілшісі. Олардың айтуынша, бұрын Казталовка, Жәнібек, Бөкей Ордасы сынды аудандарда жайылатын киік су, шөп іздеп Тасқала, Ақжайық сынды шет жаққа да келетін болған….
