Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    «Жұмыс ауқымы ұлғайса, 150 млрд теңге сұраймыз» — министр LRT құрылысы туралы айтты

    Көлік министрі Марат Қарабаев Астанадағы  LRT құрылысына 2023 жылы 45 млрд теңге, ал жұмыс ауқымы кеңейсе,150 млрд теңгеге дейін сұралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    – Биыл 52 млрд теңге бөлінді. Жыл басында. Бұқаралық ақпарат құралдарында қазір осы соманы біз сұрап отырмыз деген ақпаратты көрдік. Әңгіме ол жайлы емес. Ол сома бөлініп, құылымның тіреулерді орнату үшін “сваи” қағу жұмыстары 96 пайызға аяқталды. Қазіргі таңда тіреулерін орнату жұмыстарының өзі 76 пайызға аяқталды. Ал құррылымдарын бір-біріне жалғау жұмыстары білуімше 82 пайызға аяқталды. Бұл биыл аяқталған жұмыстар, – деді Марат Қарабаев.

     

    Министр қазіргі уақытта келесі жылғы бюджеттің жобасы талқыланып жатқанын айтты.

     

    – Келесі жылы құрылыс монтаж жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 45 млрд теңге керек болады. Қазір құрылыс алаңында мың жарымға жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр. Егер құрылыс жұмыстарының ауқымы кеңейсе, онда қосымша 150 млрд теңгеге дейін қаражат сұраймыз. Алайда жалпы нысанды аяқтау жоспары 2025 жылға жоспарланған. Алғашқыда 8 станция мен 5 пойыз жұмысты бастайды, – деді ол.

    Коллаж: ulysmedia.kz.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →