Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірлердің бағасы өзгерді

    Жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірлердің бағасы өзгерді

    Фото: qamshy.kz

    ІІМ жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау жөніндегі қызметтердің жаңа бағасын бекітті. Бұйрық 2024 жылдың 24 маусымында күшіне енді, – деп хабарлайды Tengri Auto.

    Жаңа тәртіпке сәйкес, құжаттарды дайындау құны (ҚҚС-сыз):

    жүргізуші куәлігі – 4 367 теңге;

    көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 2 250 теңге;

    мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері – 3 923 теңге (жиынтық үшін);

    «ТРАНЗИТ» мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері – 126 теңге.

    Сондай-ақ, құжатта құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, процестерді есепке алу бойынша жұмысты автоматтандыру, ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу құны 747 563 358 теңге мөлшерінде белгіленген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →