«Жас айырмашылығымыз – 6 жас»: Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні көптің сұрағына жауап берді
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлымен көңіл жарастырып жүрген Әдия Мәулен әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрағын жауап берді, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеп,
«Әділет екеуміз бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз, бірақ нақты сөйлесіп жүргенімізге ертең 9 ай болады екен. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде дүниеге келдім, Ақтау көшіп кеттік. Ал қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Колледжді қонақүй бизнесі мамандығы бойынша аяқтадым. Оқуды аяқтап, Астанаға барған едім. Болашақта жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап жүрмін», – деді Әдия Мәулен.
Ол ата-енемен тұруға қарсы емес екенін жеткізді.
«Бұл тақырыпта бейтарап көзқарастамын. Өзім үлкен отбасыдан шықтым, көп адам болып шай ішкен ұнайды. Артымнан еріп келе жатқан інім болғандықтан жақсы түсінемін», — дейді 20 жастағы ару.
