Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Ұрланған көлікті заңдастырмақ болған Орал тұрғыны ұсталды

    Оралдық тұрғын Арменияда ұрланған автокөлікті заңдастырғысы келген. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері Дариға Мәжитова мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, 17 ақпан күні иесі заңдастыруға әкелген «Ford Explorer» автокөлігінің Арменияда ұрланғаны анықталды.

    «Сонымен қатар 16 ақпанда «Шевролет Кобальт» автокөлігінің шанақ нөмірін қолдан жасау дерегі белгілі болды. Оның құжаттарында да сәйкессіздіктер бар. Екі автокөлік сақтау қолхатымен қазіргі иелеріне қалдырылды. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігіне (көрінеу жалған құжатты пайдалану) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады», – деді Д. Мәжитова.

    Оның сөзіне қарағанда, Батыс Қазақстанда осы кезге дейін 3056 автокөлік заңдастырылса, соның 373-і Армениядан, 2515-і Ресейден әкелінген. 159-ы – Армениядан жеткізіліп, «сары» нөмірмен жүргендер.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →