Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Ұлытау облысында 223 млн теңге талан-таражға салынған

    Ұлытау облысының бюджеттің 223 млн теңгесі талан-таражға салынған. Бұл туралы өңірдің прокуратурасы хабарлады. Прокурорлар Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің (бұдан әрі – ТКШ бөлімі) қызметін тексергенде облыс орталығының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрланғанын анықтады.

     

    «Атап айтқанда, 2021 жылы ТКШ бөлімінің лауазымды иелері құрылыс жұмыстарын қымбат бағамен қабылдаған. Осылайша  223 млн теңге бюджет қаражаты негізсіз артық төленген», – делінген хабарламада.

    Осы оқиға бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастап, оны тергеп-тексеру Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне тапсырылды.

    Қылмыстық істі тергеп-тексеру облыс прокуратурасының бақылауына алынды.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

    Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабына сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзышылық жасаудағы кінәлілігі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз болып саналады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →