Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    ТЖД ескерту жасады: Алматыда жер сілкінді

    ТЖД ескерту жасады: Алматыда жер сілкінді

    Алматыда сезілетін жер сілкінісі орын алды. Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылау орталығының сейсмикалық станцияларының желісімен эпицентрі мен сезілетін көрсеткіші туралы ақпаратты нақтылап жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Қазіргі таңда тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді, ғимараттардың қирауына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде.

    «Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары! Алматыда сезілетін жер сілкінісі орын алды. Жағдай тұрақты.
    Жер сілкінісінің параметрлерін бастапқы ғылыми орталықтың сейсмологтары нақтылағаннан кейін және қосымша жеткізетін болады. Сабыр сақтаңыз!», -делінген Алматы қалалық ТЖД-нің таратқан хабарламасында. 

    Астана қаласының уақыты бойынша 10 сағат 30 секунда жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 43.261 С. Е. 77.310 ш. б. Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан. Алматыда 3 балл,  Талғарда — 4, Есік қаласында — 4 балл. Түрген ауылы — 3.0 б. Өтеген батыр ауылы — 3 б. Боралдай ауылы — 2 б. с. Маловодное — 2б. С. Ж. Қайыпова — 2 б. Алатау қ. (Жетіген) — 2 б. Қарасай ауданы (Қаскелең) — 2 б.

    Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам: 

    1. Жер дүмпуі кезінде сабыр сақтаңыз;
    2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
    3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
    4. Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
    5. — ғимараттан шығыңыз ( төменгі қабаттарда );
    — көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз
    6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
    7. Дабыл жол сандығын алыңыз ( алдын ала дайындау қажет);
    8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
    9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
    10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз;

    Фото: Economist.kg

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →