Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Тәуелсіздік күні Алматы халықаралық әуежайында туристерді шоколадпен қарсы алды

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласының Туризм басқармасы ҚР ҰҚК Шекара қызметі жанындағы шекаралық бақылау басқармасымен және Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп «Сыйлыққа тәтті кәдесый» акциясын өткізді.

    Халықаралық жолаушылар терминалындағы паспорттық бақылау аймағында шетелдік қонақтарға Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін бейнелейтін қазақстандық шоколад ұсынылды. Тәтті сыйлықпен бірге қонақтарға жергілікті қолөнерші бояған киіз үй түріндегі ескерткіш төсбелгілер сыйға берілді.

    Осылайша, туристерді «табалдырықтан» бастап ел үшін қандай ерекше күні келгендерімен таныстырылды. Мұндай іс-шаралар қаланың беделін нығайтуға және Алматыны тартымды туристік дестинация ретінде ілгерілетуге бағытталған.

    Айта кетейік, Алматы Қазақстанға келген әрбір екінші шетелдік туристі тартады. 9 айдың қорытындысы бойынша мегаполистегі туристер саны 17,4% – ға өсіп, 1,5 миллион адамнан асты, оның ішінде 400 мыңнан астамы шетелдік, 1 104,6 мыңы ішкі туристер.

    Келушілердің ең көбі Ресейден, Қытайдан, Үндістаннан, Түркиядан, АҚШ-тан, Оңтүстік Кореядан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Германиядан келіп жатқандары байқалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →