Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Ташкентте 11 қазақстандық бала ауруханада жатыр

    Ташкентте футбол турниріне барған 11 қазақстандық бала ауруханада жатыр. Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды бақылауға алды, балалар толық сауыққанша елде қалады.

    Ташкентте 11 қазақстандық бала ауруханада жатыр

    Сурет: ernur.kz

    Ташкентте футболдан халықаралық турнирге барған 11 қазақстандық бала ауруханада жатыр. Балалардың жағдайын Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі бақылауына алды. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Динара Зәкиеваның айтуынша, ол Өзбекстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, Қарағанды облысының әкімімен және бас жаттықтырушымен байланыста отыр.

    «Қарағанды облысынан Өзбекстанға 60 бала, 32 ата-ана және төрт жаттықтырушы барған. Қазір 11 баланы Ташкенттегі аурухана дәрігерлері қарап жатыр. Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі жағдайды бақылауға алды. Балалар толық сауыққанша Өзбекстанда қалады, қалған балалар ата-аналарымен бірге бүгін Қазақстанға қайтады», – деп жазды ол.

    Еске салайық, 28 қазан мен 2 қараша аралығында Ташкентте футболдан «Dostik Cup» халықаралық турнирі өткен. Балалар мен ата-аналар жарысқа жеке қаражаты есебінен барған.

    Ата-аналарының айтуынша, 31 қазанда қонақүйдегі таңғы астан кейін балалар мен ересектердің іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Бір тәулік ішінде 15 баланың жағдайы нашарлаған. Ата-аналар жұмыртқа жемеген сегіз баланың ауырмағанын айтқан. Осы жағдайдан кейін бір топ бала ауруханаға түскен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →