Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Су тасқыны: Абай облысында 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті

    Фото: Pixabay
    Абай облысындағы су басқан аймақтарда үш ер адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Абай облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Аягөз ауданында із-түзсіз жоғалғандарды іздеп жатыр.

    «Аягөз өзенінен өтіп бара жатып, аттан құлап, суға кеткен 1977 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жоғалған ер адамның өзі жұмыс істейтін шаруа қожалығына бара жатқаны анықталды”, – делінген департамент хабарламасында.

    26 наурызда Аягөз ауданында 66 және 38 жастағы екі адам «МТЗ 82» маркалы трактормен Борлы өзенінен өту кезінде жоғалып кеткен. Олар «Шалқар» шаруа шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан.

    «Ер адамдар жолды қысқарту үшін өзен арқылы өтпек болды. Алайда өзен ортасында тұрып қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар адамдарды таппады», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →