Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    «Челси» «Джохорға» қарсы матчқа шығатын құрамды жариялады. Қазақстандық Сәтпаев қосалқы құрамда. Матч бүгін 17:00-де өтеді.

    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Сурет: tengrisport.kz

    Лондондық «Челси» клубы бүгін, 9 тамызда Малайзияның Джохор қаласындағы «Искандар Султан» стадионында өтетін жергілікті «Джохор» командасына қарсы жолдастық кездесуге шығатын негізгі құрамды жариялады. Команда сапында Шарман-Лоу, Сарр, Тосин, Ансельмино, Кенда, Николл-Джазули, Эссуго, Гиттенс, Эстевао, Джексон және Делап сынды ойыншылар бар. Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев бұл жолы старттық құрамнан орын алмай, қосалқы құрамда қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Еске сала кетейік, маусым алдындағы дайындық аясында «Челси» алғашқы ойынында австралиялық «Вестерн Сиднейді» 6:4 есебімен тізе бүктірген болатын. Сол кездесуде Сәтпаев жаңа клубы сапындағы алғашқы голын соғып, жанкүйерлердің жоғары бағасына ие болды.

    Келесі кездесуде «Тоттенхэмге» қарсы ойында қазақстандық ойыншы алаңға ауысымнан шыққанымен, лондондықтар 1:2 есебімен ұтылып қалды. Ал «Ювентуспен» болған матчта вингер 65-минутта алаңға шықты, алайда «Челси» 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

    Италиялық «Миланға» қарсы ойында Сәтпаев алаңға шықпады. Дегенмен, бұл «көктердің» 3:0 есебімен ірі жеңіске жетіп, Индонезия Суперкубогын иеленуіне кедергі болмады.

    Айта кетейік, «Джохор» клубына қарсы матч «Челсидің» Азия-Австралия турнесіндегі соңғы ойыны болмақ. Бұған дейін қазақстандық шабуылшы «Ювентусқа» қарсы матчта үшінші рет жаңа командасының намысын қорғаған еді. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Джон ван ’т Шкип Сәтпаев туралы пікір білдіргені де хабарланған.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Chelsea FC (@chelseafc)

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Chelsea FC (@chelseafc)

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Chelsea FC (@chelseafc)

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Chelsea FC (@chelseafc)

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Chelsea FC (@chelseafc)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →