Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті •

    Спортшылар санын артық көрсеткен: Қостанайда бюджетті жымқырған жаттықтырушы 7 жылға сотталуы мүмкін

    Спортшылар санын артық көрсеткен: Қостанайда бюджетті жымқырған жаттықтырушы 7 жылға сотталуы мүмкін

    Қостанайда дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекеменің қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    «Жоғары спорт шеберлігі мектебінің» шорт-трек жаттықтырушысы екі жыл бойы жарысқа баратын балалардың тізімін ұлғайтып көрсетіп, оған бөлінген қаражатты жымқырып келген. Ұрланған бюджет қаражатының сомасы 5,9 млн теңгеге жеткен. Кейін ұрланған ақшаны депозитке аударып, тағы да еселеп көбейтіп алған.

    «Депозит бойынша пайыздық сыйақы түріндегі жария етілген қылмыстық кіріс сомасы 613,1 мың теңге», — делінген прокуратура хабарламасында.

    Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →