Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Арыстағы жарылыс жұртты тағы шошытты: снаряд қалдығы жарылған «Арбамен жүру мүмкін емес»: Атыраудың орталығындағы жолдың сиқы тұрғынды ашуландырды АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 40 триллион доллардан асты Талдықорғанда жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті Украина астанасы Киевке шабуыл жасалып, 6 адам қаза тапты Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды Арыстағы жарылыс жұртты тағы шошытты: снаряд қалдығы жарылған «Арбамен жүру мүмкін емес»: Атыраудың орталығындағы жолдың сиқы тұрғынды ашуландырды АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 40 триллион доллардан асты Талдықорғанда жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті Украина астанасы Киевке шабуыл жасалып, 6 адам қаза тапты Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды

    Спортшыладың шығыны туралы жалған есеп бергендер ұсталды

    Спортшыладың шығыны туралы жалған есеп бергендер ұсталды
    Pair of running shoes and healthy food composition on a wooden table background

    Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы «Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы» КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған. Алайда іс жүзінде жиындар өткізілмеген, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырған.

    Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, — ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.

    ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

    ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

    Фото: growfood.pro

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →