Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді •

    Арыстағы жарылыс жұртты тағы шошытты: снаряд қалдығы жарылған

    Арыстағы жарылыс жұртты тағы шошытты: снаряд қалдығы жарылған

    Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылыс тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды QazaqTodayinfo.kz ақпарат порталы. 

    19 тамыз күні сағат 19:00 шамасында №44859 әскери бөліміне қарасты, төтенше жағдайдан кейін жабылған көне жарату полигонында қураған шөп өртеніп, соның салдарынан снаряд қалдығы жарылған.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыстың даусы қатты естіліп, оқиға сәті бейнежазбаға түскен.
    Оқиға орнына тиісті мекеме қызметкерлері барып, қазіргі уақытта жағдайдың тұрақты екені хабарланды.

    Алайда кезінде жойқын жарылысты бастан өткерген Арыс тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты мұндай жағдайдың қайталануы жауапты органдар мен жергілікті биліктің қауіпті аумақтарды қаншалықты бақылауда ұстап отырғанына сұрақ туғызады.
    Әкімдік пен жауапты мекемелер тұрғындар қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін әскери қалдықтардың толық тазартылған-тазартылмағаны жөнінде нақты түсініктеме беруі тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →