Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді

    Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді

    Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында дәрігерлер туралы жобада Ерлан кейіпкерінің жұбайын сомдайды. Өнер иесі бұл ұсынысты қуана қабылдағанын айтты.

    Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді

    Сурет: kznews.kz

    Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылығына қатысты қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесінің айтуынша, оған «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсіріп жатқан жаңа телехикаяға қатысу туралы ұсыныс түскен. Мөлдір Мұқан бұл шақыртуды қабыл алғанын жеткізді.

    «Осы жаздың ерекше жаңалығы – сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине, қабыл алдым! Қай телеарнаға, қандай жанрдағы сериал екенін айтамын. Ең бастысы, көрерменге ұнайтын сериал болатынына сенемін», – деді ол.

    Мөлдір Мұқан жаңа жобаның өзі үшін шығармашылық жолындағы ерекше кезең екенін атап өтті. Оның сөзінше, түсірілім тобының сенім білдіріп, рөл ұсынуы үлкен қуаныш сыйлаған.

    Телехикаяда өнер иесі Ерлан есімді кейіпкердің жұбайын сомдайды.

    Жобада дәрігерлердің еңбегі, медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысы мен олардың қоғамдағы маңызы кеңінен көрсетілмек.

    «Ақ халатты абзал жандардың жұмысы үнемі көзге көріне бермейді. Бірақ түрлі сынаққа тап болып, дертпен бетпе-бет келгенде олардың қадірін түсінеміз. Осы тақырыпты кино арқылы халыққа жеткізіп жатқан ұлттық арнаға және түсірілім тобына алғысымды білдіремін», – деді Мөлдір Мұқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →