Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген азамат 16 жылға сотталды • Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген азамат 16 жылға сотталды • Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды •

    Украина астанасы Киевке шабуыл жасалып, 6 адам қаза тапты

    Украина астанасы Киевке шабуыл жасалып, 6 адам қаза тапты

    Киев қалалық әскери әкімшілігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан 6 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алған, деп хабарлайды QazaqTodayinfo.kz ақпарат порталы DW-ге сілтеме жасап.

    Бұған дейін Украина астанасының мэрі Виталий Кличко үш адамның қаза тауып, 20 адамның зардап шеккенін мәлімдеген болатын.

    «Олардың 14-і ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына медициналық көмек амбулаториялық жағдайда немесе оқиға орнында көрсетілді», – деп жазды Виталий Кличко өзінің Telegram-арнасында.

    Соломен ауданында зымыран сынықтары 5 қабатты тұрғын үйдің маңына құлаған. Ғимараттың терезелері сынған, өрт шыққан.

    Виталий Кличконың айтуынша, 9 қабатты тұрғын үй де соққыға ұшырап, оның жоғарғы қабаттары қираған.

    Тағы бір мекенжайдағы паналау орнында адамдар қамалып қалған. Сол ауданда балалар ауруханасының ғимараты зақымданып, медициналық мекеме аумағындағы автокөліктер өртенген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →