Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді

    Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті

    Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті. 30 елден 700-ден астам спортшы қатысты.

    Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті

    Сурет: egemen.kz

    Тамыз айында Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында дзюдодан ауқымды халықаралық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Бұл нысан қаладан небәрі 19 шақырым қашықтықта орналасқан, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Аталған орталық 40 гектар аумақты алып жатыр, онда тоғыз спорттық ғимарат шоғырланған. Мұнда бір уақытта 23 олимпиадалық спорт түрінен 2300-ге дейін спортшы жаттыға алады. Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған бұл шара – маңызды халықаралық спорттық іс-шаралардың бірі. Ұлттық құрама үшін бұл шетелге сапар шекпей-ақ, әлемнің үздік балуандарымен бірге дайындалып, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік. Сонымен қатар, осындай жиындарды елімізде өткізу бюджет қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді.

    Жиынға 30 мемлекеттен 700-ден астам спортшы қатысты, олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары да бар. Мұндай ірі халықаралық шаралар спорттық туризмнің дамуына да оң әсер етеді.

    Мақсатымыз – осындай халықаралық оқу-жаттығу жиындарын тұрақты түрде ұйымдастырып, Қазақстанның спорттық инфрақұрылымын әлемдік деңгейдегі дайындық алаңына айналдыру. Бұл бастама халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, отандық дзюдоның дамуына және биік жетістіктерге жетуіне жаңа серпін береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →