Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    Софья Самоделкина тарихи нәтиже көрсетті: бұл оның үздік жетістігі

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Прагада өткен әлем чемпионатында 12-орын алды. Бұл оның мансабындағы ең үздік көрсеткіш.

    Софья Самоделкина тарихи нәтиже көрсетті: бұл оның үздік жетістігі
    file_742.jpg

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Чехия астанасы Прагада өткен әлем чемпионатында мансабындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    19 жастағы спортшы еркін бағдарламада бірнеше қателік жіберіп, 120,58 ұпай алды. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша оның жалпы ұпайы 187,53-ті құрады.

    Осылайша, Самоделкина қысқа бағдарламадан кейін иеленген 12-орнын сақтап қалды. Бұл – қазақстандық спортшының әлем чемпионаттарындағы ең жоғары көрсеткіші. Айта кетейік, ол былтырғы дебюттік турнирінде 14-орынға тұрақтаған еді.

    Жарыс жеңімпазы жапониялық Каори Сакамото (238,28) атанды. Ол әйелдер арасындағы жекелей сында төрт дүркін әлем чемпионы болды. Бұған дейін мұндай жетістікке тарихта тек алты спортшы ғана қол жеткізген.

    Күміс медальді тағы бір жапониялық Монэ Тиба (228,47) иеленсе, қола жүлде бельгиялық Нина Пиндзарронеге (215,20) бұйырды.

    Фото: Сали Сабиров / ҚР ҰОК

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →