Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Шенеуніктер қайда қарап отыр? Көкшетауда тұрғындарды қоқыс иісі тұншықтырып барады

    Шенеуніктер қайда қарап отыр? Көкшетауда тұрғындарды қоқыс иісі тұншықтырып барады

    Фото: видеодан скрин

    Көкшетаудың қақ ортасында, Құсайынов пен Кенесары көшелерінің қиылысында, нағыз антисанитария орнап тұр. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерде заңсыз қоқыс полигоны пайда болғанына бірнеше күн болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Үйіліп қалған тұрмыстық қалдықтардан шыққан жағымсыз иіс қолқаны қауып, дем алу мүмкін емес болып барады. Жергілікті билік болса, мәселені шешуге асығар емес. Бұдан да сорақысы — қоқыс үйіндісін жоюдың орнына, бұл маңдағы қоқыс контейнерлерін алып тастау жоспарлануда. Бұл шешім жағдайды одан сайын ушықтырып, қаланы қоқыс батпағына батыруы мүмкін.

    Халық арасында заңды сұрақ туындайды: «Бұл бейберекетсіздікке кім жауапты және әкімдік қашан нақты шара қолданады?».

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →