Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Сауд Арабиясы Қазақстан экономикасына соңғы 20 жылда 115 млн доллар инвестиция құйған

    Сауд Арабиясы Қазақстан экономикасына соңғы 20 жылда 115 млн доллар инвестиция құйған

    Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Премьер-министр Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысу үшін келген Сауд Арабиясы Корольдігінің өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Үкіметтің мәліметінше, Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі сауда-экономикалық серіктестері қатарына кіреді. Қазақстан мен Сауд Арабиясы көшбасшыларының өзара қолдауы нәтижесінде сенімді әрі достық қарым-қатынастар орнағаны атап өтілді.

    «2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 17%-ға артып, 11,7 млн долларды құрады. Биыл қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы 2,9 есеге өсіп, 6,1 млн доллардан асты. Кейінгі 20 жылда Сауд Арабиясы Корольдігінен Қазақстан Республикасына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 115,3 млн долларды құрады. Биыл ақпан айында қол қойылған Қазақстан – Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесін құру туралы келісім және инвестицияларды өзара ынталандыру мен қорғау туралы келісім жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Тау-кен металлургия кешеніндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне, сондай-ақ аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларына назар аударылды. Пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу, сондай-ақ қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды», – делінген Үкіметтің хабарламасында.

    Кездесуге қатысушылар тау-кен металлургия және аса маңызды минералдар саласында екіжақты өзара іс-қимылды арттыруға дайын екендерін растады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →