Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысының тұрғынына іздеу жариялады

    Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысының тұрғынына іздеу жариялады

    Қаржылық мониторинг агенттігі жалған құжат жасаған Ақтөбе облысының тұрғынына іздеу жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ол жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген.

    «Омаров Руслан Уланұлы, 28.07.1986 ж.т., Ақтөбе облысы Алға қаласының тумасы. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Р.У. «Sunkar Logistics» ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген.

    Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады. Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

    +7-701-770-08-65 — іздеу бойынша,

    +7-7292-40-36-59 — кезекші бөлім.

    Сыйақы мен анонимділікке кепіл беріледі», — делінген хабарламада.

    Фото: АФМ

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →