Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті

    Пентагон: «Иранның жүздеген дроны мен зымыранын тойтардық»

    АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға жасалған әскери соққылардың нәтижесін жариялады. Пентагон жүздеген зымыран шабуылына тойтарыс берілгенін мәлімдеді.

    Пентагон: «Иранның жүздеген дроны мен зымыранын тойтардық»
    file_602.jpg

    АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иран аумағында жүргізілген әскери операцияның алғашқы нәтижелері туралы ресми есеп берді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ведомствоның мәліметінше, негізгі соққылар Ислам революциясы сақшылар корпусының командалық пункттеріне, Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне, зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшыру алаңдарына, сондай-ақ әскери әуе базаларына бағытталған.

    Алғашқы соққыдан кейін АҚШ күштері Иран тарапынан ұйымдастырылған ауқымды шабуылға тойтарыс берген. Қолбасшылық Иранның жүздеген дроны мен зымыранының бетін қайтарғанын мәлімдеді.

    Ресми ақпаратқа сәйкес, америкалық әскери қызметкерлер арасында қаза тапқандар немесе жараланғандар тіркелмеген.

    «АҚШ нысандарына келтірілген залал өте аз және операцияның барысына еш әсер еткен жоқ», — деп хабарлады қолбасшылық.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →