Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлде алды • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлде алды •

    Нұрай Серікбай ісі: апелляциялық соттың күні белгілі болды

    Нұрай Серікбай ісі: апелляциялық соттың күні белгілі болды
    Фото: ашық дереккөз

    Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының өтетін күні жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбайдың мәліметінше, апелляциялық сот 24 қыркүйек күні сағат 10:00-де өтеді. Сот отырысы Шымкент қалалық сотының ғимаратында ұйымдастырылады.

    Еске салайық, 13 тамызда Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты сот өтті. Сот Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

    Нұрай Серікбай 2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкентте қаза тапқан. Тергеу нұсқасына сәйкес, Шерхан Аймахан бойжеткенді бұған дейін некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқан, ал Нұрай одан бас тартқаннан кейін оны қудалауын жалғастырған.

    Іс материалдарында айыпталушының қызға бірнеше рет қоңырау шалғаны айтылды. Тергеу деректерінде бір жолы ол небәрі бір жарым сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Нұрайға 76 рет хабарласқаны көрсетілген.

    Қайғылы оқиға болған күні Шерхан Аймахан Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ жарақатын салған. Бойжеткен алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстан кейін күдікті бой тасалап, екі тәуліктен соң ұсталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →