Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    ММА спортшысы Федор Емельяненконың інісі түрмеге түсті

    ММА спортшысы Федор Емельяненконың інісі түрмеге түсті

    Фото: iapn.kz

    Аралас жекпе-жек шебері Иван Емельяненко бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл ақпаратты спортшының адвокаты Сергей Карпеев растады. Иван Емельяненкоға қатысты қылмыстық іс көше жанжалы кезінде болған оқиға негізінде қозғалған. Сол жанжалда ММА спортшысы басқа ер адамның денсаулығына ауыр зақым келтірген.

    «Емельяненко жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеу үшін бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Біздің ойымызша, Иван рақымшылыққа лайық, себебі ол жасаған қылмысына шынымен өкінеді. Тергеудің бастапқы кезеңінде-ақ ол өз кінәсін толық мойындаған. Бұл іс бойынша ешқандай теріс немесе кінәні ауырлататын жағдайлар анықталмады. Сотталушының жеке басын сипаттайтын барлық мәлімет тек оң сипатқа ие. Осыған байланысты біз үкімді тым қатал деп санаймыз және шағым түсіреміз», — деді Сергей Карпеев.

    Айта кетейік, 36 жастағы Иван Емельяненко белгілі ресейлік ММА спортшылары Федор және Александр Емельяненколардың кіші інісі. Иван Емельяненко аралас жекпе-жек спортында 2023 жылы дебют жасаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →