Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «Марапатты сатып алу қажет»: оқушылар олимпиадасы әділ өтпей ме?

    Фото: Pixabay

    Әлеуметтік желіде байқаудың марапаттау рәсімі ақылы түрде өтетіні, құны 25 мың теңге тұратыны туралы хабар тарап, ата-аналардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, олимпиадада жеңіске жеткен оқушылар 25 мың теңгеден өткізуі керек. Бұл ақшаға жеңімпаздың дипломы, төсбелгісі, оған қоса оқушыны дайындаған мұғалімге, ата-анасына алғыс хат жіберілетіні жазылған. Демек, марапаттың бәрін оқушы «сатып алуы қажет».

    Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа байланысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

    Ведомство өкілдері ұсынған деректерге қарағанда, Қазақстанда ресми түрде ауыл оқушыларына арналған келесі олимпиадалар бар:

    • ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада;
    • ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы және IQanat Олимпиадасы.

    Министрлік тізімде көрсетілген байқаулар тегін өткізілетінін алға тартты. Айта кетсек, желіде дау тудырған «Дарынды 1000 бала» атты республикалық байқау тізімнен көрінбеді.

    Фото: Kozachkov Telegram-арнасы

    «Ауыл оқушылары арасындағы «Дарынды 1000 бала» олимпиадасы № 514 бұйрыққа енбеген және ресми іс-шара емес екенін хабарлаймыз. Облыстық білім басқармаларына мұғалімдер мен ата-аналарға түсіндіру жұмысын жүргізу тапсырылды», ведомство хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →