Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Корея билігі: «Іздеудегі қазақстандықты тапқан адамға 30 млн вон беріледі»

    Кореяның Инчхон әуежайынан қашып, қалаға кірмек болған Қазақстан азаматын тапқан адамға Корея билігі 10 млн теңгеден астам ақша бермек.

    Бұл жөнінде егжей-тегжейлі ақпаратты Корея жаңалықтары парақшасы таратты, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

    Парақшаны жүргізетін азаматтың айтуынша, Оңтүстік Кореяда қашып жүрген Нұрсұлтан Ырысбаевты ұстау үшін сондағы билік 30 млн вон (10 млн теңгеден астам қаражат) сыйақы тағайындаған.

    «Корея елінде жүрген отандастар! Нұрсұлтанға көмек беріп жатқан отандастар! Сіздердің құлақтарыңызға алтын сырға! Қазір ғана келген ақпарат: егер кімде-кім Нұрсұлтанға көмек беріп жатқан болса не болмаса оның жасырынған жерін біле тұра ақпарат бермей жатса, көмек беріп жатқан азаматтар да Корея елінен шығарылып, депортацияға ұшырайды. Үлкен айыппұл арқалайды. Сондықтан, Нұрсұлтанның жанындағы азаматтар қорықпай байланысқа шықсаңыздар болады. Сіздер туралы ақпарат ешқайда берілмейді», — дейді парақша иесі.

    Еске сала кетсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып шығып, олардың біреуі ұсталғаны кеше хабарланған болатын. Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. Олардың бірінің есімі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев екені айтылады. Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталғаны хабарланған. Теджон халық аралық полициясы қашқынды GS25 дүкенінде телефонын қуаттап отырған жерінен қамауға алған.

    Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен отандастарымыз туралы мәлімдеме жасады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →