Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Жекпе-жек алдындағы жаза: Атырауда Қуат Хамитовке айыппұл салынды

    Жекпе-жек алдындағы жаза: Атырауда Қуат Хамитовке айыппұл салынды

    Фото: Видеодан скрин

    23 мамыр күні «Жайық» спорт кешенінде Batyr Fighting Championship турнирі алғаш рет өтпек. Кештің басты жекпе-жегі ретінде «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитов пен ирандық файтер, поп-ММА-дағы даулы тұлғалардың бірі Әли Хейбати арасындағы кездесу жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

    Турнир қарсаңында ұйымдастырушылардың Instagram-парақшасында Қуат Хамитовты Атырауда қарсы алу сәті түсірілген видео жарияланды. Кадрларда Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театрының актрисасы Лашын Нүркенқызы Абылқайыр хан даңғылымен кетіп бара жатқан көліктің терезесінен шығып, файтерге сәлем жолдаған. Ал Қуаттың өзі көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай басқарғаны көрінеді.

    Видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, полицияның назарын аударды.

    Атырау облыстық полиция департаменті құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылғанын хабарлады.

    «Тексеру нәтижесінде Toyota Camry көлігіндегі 24 және 22 жастағы жолаушылардың қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны, сондай-ақ көлік салонынан денесін шығарғаны анықталды. Жол берген құқық бұзушылықтары үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар аталған заңсыз әрекеттерге жол берген 20 жастағы жүргізуші де жауапқа тартылды. Сондай-ақ Mustang көлігінің 38 жастағы жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді полиция.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →