Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа туған ауылында сәйгүлік мінгізді (ВИДЕО)

    Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа туған ауылында сәйгүлік мінгізді (ВИДЕО)

    Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанған Ғұсман Қырғызбаевты Түркістан облысында ерекше қошеметпен күтіп алды. Туған жері Диханкөл ауылына ат басын бұрған балуанға жергілікті тұрғындар сәйгүлік сыйлаған.

    Бұған дейін алматылықтар оған жол талғамайтын автокөлік сыйлаған болатын

    Даңқты спортшыға құрмет көрсетуге өңірдің зиялылары, танымал спортшылары келіп, ақ тілегін арнады, қариялар батасын берді.

    Салтанатты жиын соңында Ғұсманға ат мінгізіп, өзге де бағалы сыйлықтарын табыстады.

    Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев Түркістан облысы Диханкөл ауылында дүниеге келген. Ол 2010 жылы Алматыдағы Қазақ Спорт және туризм академиясына оқуға түсіп, спорттық мансабын осы қалада  жалғастырған.

    Ғұсман Олимпиададан бөлек әлемнің күміс жүлдегері, Азияның екі дүркін қола жүлдегері.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →