Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Доллар 456,89 теңгеден 450,79 теңгеге арзандады

    Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 450,79 теңгеге төмендеді. Ұлттық банктің ресми бағамы 456,89 теңге. Алматы, Астана, Шымкенттегі айырбастау бағамдары.

    Доллар 456,89 теңгеден 450,79 теңгеге арзандады

    Сурет: istockphoto.com

    Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 450,79 теңгені құрады. Осылайша, АҚШ валютасы 5,82 теңгеге арзандады, деп хабарлайды turkystan.kz.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстан Ұлттық банкінің 10 қыркүйекке белгілеген доллардың ресми бағамы – 456,89 теңге.

    Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 447,88 теңге, ал сатудың орташа бағамы – 450,63 теңге. Астана айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 447,01 теңгеден сатып алып, 454,04 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 449 теңгеден сатып алады, ал сату бағамы – 451,15 теңге.

    Еске сала кетейік, 26 тамыздағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге өсті, 27 тамызда 3,28 теңгеге қымбаттады, 28 тамызда 2,1 теңгеге көтерілді. 31 тамызда 2,23 теңгеге төмендеді, 1 қыркүйекте 3,12 теңгеге арзандады, 2 қыркүйекте 2,97 теңгеге төмендеді. 3 қыркүйекте 0,47 теңгеге өсті, 4 қыркүйекте 0,53 теңгеге қымбаттады. 7 қыркүйекте 2,04 теңгеге төмендеді, 8 қыркүйекте 0,19 теңгеге өсті, ал 9 қыркүйекте 2,5 теңгеге қымбаттап, 456,89 теңгеге жетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →