Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Диплом алып, жұмыссыз қалмау үшін: колледждер жұмыс берушілерге қажет мамандарды даярлайды

    Диплом алып, жұмыссыз қалмау үшін: колледждер жұмыс берушілерге қажет мамандарды даярлайды

    Қазақстанда колледждерде маман даярлау жүйесі жұмыс берушілердің сұранысына қарай бейімделіп жатыр, деп хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, кәсіпорындарға нақты қандай маман қажет болса, сол сұраныс мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде ескеріледі. Бүгінде жұмыс берушілермен бірлесіп 500-ден астам білім беру бағдарламасы әзірленген.

    Яғни студенттерді еңбек нарығында сұраныс бар мамандықтар мен дағдыларға бейімдеп оқыту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, кәсіпорындар мен ұйымдар 613 колледжге шефтік қамқорлық көрсетеді. Вице-министр келтірген мәліметтер колледж бен жұмыс беруші арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған жұмыстың ауқымын көрсетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →