Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында екінші орында

    Самарқандтағы 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы алты турдан кейін 12 ұпаймен екінші орында келеді. 23 қыркүйекте Қытаймен шешуші кездесу өтеді.

    Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында екінші орында

    Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

    Самарқандта өтіп жатқан 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы алты турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде екінші сатыда тұр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстандық шахматшылар өткізген алты кездесудің барлығында жеңіске жетіп, мүмкін болған 12 командалық ұпайдың барлығын жинады. Ұлттық құрама Ботсвана, Босния және Герцеговина, Словения мен Арменияны ұтты. Содан кейін Германия және Әзербайжан құрамаларынан 2,5:1,5 есебімен басым түсті.

    Қазақстанмен бірдей 12 ұпай жинаған Қытай құрамасы қосымша көрсеткіштер бойынша бірінші орында келеді. Үндістан 10 ұпаймен үшінші сатыға жайғасқан.

    23 қыркүйекте өтетін жетінші турда Қазақстан мен Қытай құрамалары өзара кездеседі. Бұл матч турнир кестесіндегі көшбасшыны анықтауы мүмкін.

    Қытай құрамасы бұл олимпиадаға Хоу Ифань, Тань Чжунъи, Лэй Тинцзе және қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь секілді жетекші шахматшыларын алып келмеген. Команданың бірінші тақтасында рейтингі 2550 болатын Чжу Цзиньэр ойнайды. Сонымен қатар 2010 жылы туған халықаралық шебер Лу Мяои де Қытай сапында өнер көрсетіп жүр.

    Қытай құрамасының негізгі төрт ойыншысының орташа Эло рейтингі 2432 болса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 2421-ге тең. Екі команданың арасындағы айырмашылық – небәрі 11 рейтингтік ұпай.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →