Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Бухгалтер бюджеттен жымқырған қаржыны құмар ойынға салып жіберген

    Бухгалтер бюджеттен жымқырған қаржыны құмар ойынға салып жіберген

    Фото: Pixabay

    БҚО бухгалтер бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қаратөбе аудандық соты мемлекеттік мекеменің қаражатын жымқырған есепшіге үкім шығарды.

    Соттың үкіміне сәйкес ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және сол мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

    Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе аудандық прокуратурасымен есепшінің мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз қолданып, 7 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырғаны анықталды.

    «Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен (өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру және талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Келген шығынның 1 млн астамын ғана қайтарған сотталушы сот процесінде жымқырған қаражатты құмар ойындарға жаратқанын айтты. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →