Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Бишімбаев 25 жылға немесе өмір бойына сотталады – Адвокат

    Бишімбаев 25 жылға немесе өмір бойына сотталады – Адвокат
    Фото: Forbes Kazakhstan бағдарламасынан скрин

    Жохар Өтебеков сот отырыстарын бақылай отырып, оның қанша жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты. Сөзінше, ол телефонындағы видеолар туралы ұмытып кеткен болса керек.

    “Бишімбаевтың өзіне ор қазуы арқылы орнаған әділдік! Ол өте арам пиар-науқанын ұйымдастырды. Бүкіл сот отырысында шайқасты, барынша сытылғысы келді, жалтарды. Ашушаң болса да, шыдам танытып, өзін ұстады. Ол өлім болған түні мас күйінде жантүршігерлік видео түсіргенін ұмытып кеткен болса керек, сөйтіп телефонының құпиясөзін берді. Осы кезде айтарға сылтау таппай қалды”, – деді адвокат.

    Өтебеков істе клиенттеріне деген жанашырлығын, аяушылық сезімін көрсетпеуге барынша тырысады екен. Сөзінше, клиентпен бірге қайғыруға, оның оқиғасын көңілге жақын қабылдауға болмайды.

    “Өкініштісі, менің өзім Салтанат пен оның ағасы үшін алаңдап, психологиялық соққы алдым. Бірінші күннен бастап экраннан зұлымдық құйылып жатқандай сезім болды. Менің психологиялық күйзеліске ұшырауыма, әсіресе, сот отырысының дұрыс ұйымдастырылмауы да әсер етті. Ол үшін ұяламын. Осы саясатты ескере отырып, Бишімбаев 25 жылға немесе өмір бойына сотталуы мүмкін. Ал Байжановқа – 4 жыл.
    Сот отырысының тікелей эфирі құқықтық мәдениетімізді арттырды. Қылмыстық сот төрелігін, адвокатураны және т.б. реформалар туралы көптеген идеялар алдым”, – деді Өтебеков.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →