Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Арқалықтың жылу-электр желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен 5,8 млрд теңге бөлінді

    Қостанай облысындағы Арқалық қаласының тозығы жеткен жылу және электр желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен 5,8 млрд теңге қаржы бөлінді.

    Арқалықтың жылу-электр желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен 5,8 млрд теңге бөлінді

    Қостанай облысындағы Арқалық қаласының жылу және электр желілерін жаңғырту жұмыстарын аяқтауға Қазақстан Үкіметінің резервінен 5,8 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат қаладағы тозығы жеткен инфрақұрылымды кешенді жаңартуға бағытталады деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бөлінген қаражат екі негізгі бағытқа жұмсалады: 3 млрд теңге қаланың электр желілерін қайта жаңартуға, ал қалған 2,8 млрд теңге ұзындығы 8,3 шақырым болатын жылу магистралін жаңғыртуды аяқтауға бағытталады. Үкіметтің хабарлауынша, мұндай жұмыстардың қажеттілігі Арқалықтың жылу және электрмен жабдықтау жүйелерінің тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты. Энергетикалық инфрақұрылым нысандарының басым бөлігі 1970 жылдардан бері пайдаланылып келеді.

    Жылу магистралінің қалған бөлігін қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталған соң, жылу желілерінің тозу деңгейін 25%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қаланың жылумен жабдықтау жүйесінің жалпы жұмыс сенімділігін арттырады. Бұған дейін Арқалықтың жылу желілерін жөндеуге 914 млн теңге жұмсалып, оның есебінен 1,6 шақырым желі жаңартылған болатын.

    Электр желілерін жаңарту жобасы аясында үш қосалқы станцияны, сондай-ақ 110, 35 және 10 кВ кернеулі электр беру желілерін қайта жаңарту және салу көзделген. Сонымен қатар, ұзындығы 37,8 шақырым болатын желідегі ағаш бағандар темірбетон тіректерге ауыстырылады. Бұл шаралар Арқалық қаласы мен оған іргелес Жангелдин және Амангелді аудандарының 58 мың тұрғынын үздіксіз электрмен қамтамасыз етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →