«Санитарлық талап сақталмайды»: Ақтөбелік бүлдіршіндер 14 жыл жөнделмеген ауруханада ем алып жүр
Фото: видеодан скрин Ақтөбеде ата-аналар балалар ауруханасының жағдайына шағымданып отыр. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада палаталардың тазалығы сынға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Анасының айтуынша, баласын аллергологқа апарған кезде дәрігер шұғыл түрде ауруханаға жатқызған. Бірақ ол жерде ескі төсек жабдықтары, бөлмеде жүрген тарақандар мен антисанитарияға куә болған. Асхана мен жуанатын бөлменің де жағдайы көңіл көншітпейді. «Бұл…
