17 жастағы қыздың өлімінен кейін қырғыз халқы көтерілді

Фото: видео скриншот Ыстықкөл облысында 17 жастағы Айсұлу Мұқашеваның жантүршігерлік өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қырғызстанда өлім жазасын қайта енгізу мәселесін талқыланып жатыр. Ел президенті Садыр Жапаров өлім жазасын енгізу мәселесі референдум арқылы шешілетінін мәлімдеді. Айсұлу Мұқашева қыркүйектің 27-сі күні Жеті-Оғыз ауданының Барскоон ауылынан Қарақолға бара жатқан кезде жоғалып кеткен. Бейнебақылау камералары қыздың Honda Stream маркалы көлікке отырған…

Толық оқу

«Бар болғаны «мешкобой»: Белгілі журналист Ардақ Назаровтың 3 дүркін әлем чемпионы болмағанын жұртқа дәлелдеп берді

Фото: коллаж Sn.kz Журналист Гүлбану Әбенова Ардақ Назаровқа қатысты шындықтың шетін ашты. Айтуынша, боксшы 3 дүркін Әлем чемпионы болдым деп елді алдап жүр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Ардақ Назаров көп сұхбаттарында ешқашан жеңілмегенмін, 2 рет қана тең түскенмін дейді. Бұл расында солай ма? Мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін, ашық дерек көздеріне жүгінейін. Әлемдік аралас…

Толық оқу

Қазақстанның оңтүстік аймағында жер сілкінді

«Сейсмологиялык зерттеу институтының» алдын ала таратқан ақпаратына сай сейсмикалық жағдай Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген. Сезілетіндігі туралы мәлімет анықталып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жерасты дүмпулері 6 қазан күні Астана уақытымен сағат 01:29-да тіркелген. Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары: 42.270º с.ш., 71.378º ш.б….

Толық оқу

«Сатқындарға қарсы күрес»: «Дала Қырандары» Павлодарда есірткі сатуға қарсы рейд жүргізді

Фото: Дала Қырандары 5 қазан күні, сағат 13:00-де Павлодар қаласындағы №5 мектептің маңында «Дала Қырандары» республикалық жастар ұйымының Павлодар бөлімшесі Семей, Қарағанды, Қосшы, Теміртау және Астана қалаларынан келген қырандармен бірлескен рейд өткізді. Бұл бастама — аймақтық бөлімшенің жұмысына қолдау көрсету әрі павлодарлық кырандарға серіктестік көмек беру мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Қыркүйек айында…

Толық оқу

Қарағандыда канализация құбырын ауыстыру кезінде екі жұмысшы тірідей көміліп, көз жұмды

Фото: видеодан скрин Қарағандыда қайғылы жағдай орын алды. Шахтеров даңғылында канализация құбырын ауыстыру барысында кенеттен топырақ опырылып, екі жұмысшы жер астында қалып қойған. Құтқарушылар үлгермей, олар тұншығып қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, апат кезінде арнайы техника қауіпсіздік шараларын толық сақтамаған. Жұмысшыларға қажетті қорғаныс құралдары берілмей, қазылған ор шегенделмеген. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода жедел жәрдем мен полиция…

Толық оқу
Яндекс.Метрика