Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 442,4↓€ 497,8↓₽ 5,31↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды •

    53 келі марихуана: Қордайда есірткі сатқан 4 адам 11 жылға сотталды

    53 келі марихуана: Қордайда есірткі сатқан 4 адам 11 жылға сотталды

    Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

    Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде марихуана сатқан 4 адам 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Шу аудандық соты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін кінәлі деп танылған Қордай ауданының төрт тұрғынына қатысты айыптау үкімін шығарды.

    Тергеу барысында 53,6 кг марихуана тәркіленді. Сотталушылар бұған дейін де осындай ауыр қылмыстар үшін сотталған болып шықты. Олар өз кінәларын мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы әрқайсысының қылмысқа қатысын және рөлін толық дәлелдеп шықты.

    «Қылмыстың қайталануын және бұрынғы соттылықтарын ескере отырып, сот оларға 7 жылдан 11 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген прокуратура хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →