Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды •

    Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді

    Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан 84 медаль алып, 46 ел арасында 8-орынға тұрақтады. Бокс, қылыш сайысы, есу және басқа да спорт түрлеріндегі жеңістер.

    Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді

    Жапонияда XX жазғы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан 84 медаль — 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде иеленіп, 46 елдің арасында 8-орынға тұрақтады. Алдыңғы Ханчжоудағы Азиадада команда 11-ші болған еді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ойындардың басты қорытындылары:

    ▪️ Бокс. Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай Қазақстанға 12 жылдан кейін Азиада боксындағы алғашқы алтынды әкелді.

    ▪️ Қылыш сайысы. Ерлер құрамасы шпагадан Азиаданы алғаш рет жеңіп алды. Финалда Қазақстан Оңтүстік Кореяны 43:42 есебімен ұтты. Бір маусымда команда Азия, әлем және Азия ойындарының чемпионы атанды.

    ▪️ Академиялық есу. Владислав Яковлев пен Иван Чернухин осы дисциплинада Қазақстан тарихындағы Азиаданың алғашқы алтынын жеңіп алды.

    ▪️ Тхэквондо. Тамирлан Тілеулес те елге Азиаданың алғашқы алтынын сыйлады.

    ▪️ Велоспорт. Алексей Луценко жазғы Азиадалардағы жеңістер санын алтыға жеткізіп, осы көрсеткіш бойынша ең титулды қазақстандық атанды. Рината Сұлтанова Қазақстан әйелдер велоспорты тарихында алғашқы болып жекелей жарыста жеңіске жетті.

    ▪️ Каратэ және ММА. Жоламан Бигабыл мен Софья Берульцева каратэден чемпион болды. ММА-ның дебюттік турнирінде Еркінғали Бүркіталин мен Қадырбек Шынбаев алтын алды.

    ▪️ Дзюдо. Қазақстан алғаш рет бірден төрт жекелей финалға шықты. Төртеуі де жапон спортшыларымен кездесулерден кейін күміспен аяқталды.

    ▪️ Гимнастика. Милад Карими еркін жаттығуларда күміс алды. Қазақстан осы дисциплинада 32 жылдан кейін Азиада пьедесталына оралды.

    Ойындардан кейін Туризм және спорт министрлігі федерациялардың нәтижелерін бөлек талдауға уәде берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →