Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мадиев: AlemLLM — ашық деректерге негізделген ұлттық модель • Бектенов: Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек • 17 жастағы қарағандылық IQ деңгейі бойынша Билл Гейтстен асып, Цукербергпен теңесті • «Қазақстан футбол федерациясының атынан ұрамын»: Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовпен спарринг өткізді • Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды • Матвеев Алмабаевтың UFC-дегі тактикасын сынға алды • Мадиев: AlemLLM — ашық деректерге негізделген ұлттық модель • Бектенов: Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек • 17 жастағы қарағандылық IQ деңгейі бойынша Билл Гейтстен асып, Цукербергпен теңесті • «Қазақстан футбол федерациясының атынан ұрамын»: Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовпен спарринг өткізді • Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды • Матвеев Алмабаевтың UFC-дегі тактикасын сынға алды •

    Қазақстандық оқушылар жасаған NIS RocketQube спутнигі орбитаға шығарылды

    2026 жылы 1 қазанда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жасаған NIS RocketQube спутнигі АҚШ-тағы Ванденберг базасынан Falcon 9 зымыранымен орбитаға шығарылды.

    Қазақстандық оқушылар жасаған NIS RocketQube спутнигі орбитаға шығарылды

    Қазақстандық оқушылар құрастырған жасанды серік сәтті түрде ғарыш орбитасына шығарылды. Бұл туралы «Казинформ» агенттігі хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    2026 жылдың 1 қазанында Калифорниядағы АҚШ Космостық күштерінің Ванденберг базасынан SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны ұшырылды. Сол зымыран арқылы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары әзірлеген NIS RocketQube спутнигі ғарышқа аттанды.

    Аталған жоба — оқушылардың, ұстаздардың және отандық әрі шетелдік ғарыш саласы мамандарының көпжылдық еңбегінің жемісі. NIS RocketQube үстіндегі жұмыстар 2019 жылы басталған. Ал 2020 жылы мектепте NIS Space ғарыш зертханасы ашылып, 7–10 сынып оқушыларына арналған «Ғарыштық техника электроникасы» курсы іске қосылды.

    Спутниктің негізгі сипаттамалары мынадай:

    Аппарат PocketQube форматындағы аса шағын спутниктер қатарына жатады.

    Өлшемі – небәрі 5×5×5 сантиметр.

    Салмағы – 250 грамм.

    Құрылғы басқару, электр қоректендіру, радиобайланыс жүйелерімен және күн панельдерімен жабдықталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →