Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Қазақстанда алкоголь тек арнайы дүкендерде сатылуы мүмкін: Жаңа ұсыныс

    Мәжіліс депутаттары алкогольді тек арнайы дүкендерде сатуды, ал ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден кейін сатуға тыйым салуды ұсынды.

    Қазақстанда алкоголь тек арнайы дүкендерде сатылуы мүмкін: Жаңа ұсыныс
    file_93.jpg

    Мәжіліс депутаттары Қазақстанда алкоголь өнімдерін сату ережесін қатайтуды ұсынды, енді ішімдіктер тек мамандандырылған дүкендерде сатылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл бастаманы Қазақстан халық партиясы фракциясының мүшесі, депутат Магеррам Магеррамов көтерді. Оның пікірінше, алкогольдің кез келген азық-түлік дүкенінде еркін сатылуы оның қолжетімділігін арттырып, халық денсаулығына зиянын тигізуде. Сондықтан ішімдік саудасын тек арнайы нүктелерге шоғырландыру қажет.

    Депутаттың ұсынысы мұнымен шектелмейді. Ол мамандандырылған дүкендердің өзінде алкоголь сату уақытын одан әрі қысқарту керегін айтты.

    «Біздің басты ұсынысымыз – алкогольді барлық дүкенде сатуға тыйым салып, оны тек арнайы орындарда ғана сату. Бұдан бөлек, дәмхана, мейрамхана сияқты ойын-сауық орындарында ішімдік саудасын кешкі сағат 22:00-ден кейін тоқтату керек», — деп атап өтті Магеррамов.

    Бұл шаралар қоғамдағы алкогольді тұтыну деңгейін төмендетуге бағытталған. Егер ұсыныс қабылданса, бұл еліміздегі ішімдік саудасына айтарлықтай өзгеріс әкеледі.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →