Басты бет » Оралда жанармай құю бекетіне мас ер адам 2 тапаншамен кірген (ВИДЕО)

Оралда жанармай құю бекетіне мас ер адам 2 тапаншамен кірген (ВИДЕО)

Орал қаласында 46 жастағы азамат мас күйінде жанармай құю бекетіне екі тапаншамен кіргені үшін қолға түсті. Ол дүкеннен темекі сатып алғанымен, сатушыға тікелей қоқан-лоққы көрсетпеген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Соған қарамастан, сатушы қауіпсіздік шарасы ретінде дабыл түймесін басып, полиция шақырған.

Оқиға орнына жедел жеткен құқық қорғау қызметкерлері күдіктіні ұстап, одан пневматикалық және старттық, оқсыз тапаншаларды тәркіледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика