Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    «Реал Мадридтің» жұлдызды бапкері қызметінен кетті

    «Реал Мадридтің» жұлдызды бапкері қызметінен кетті

    Фото: Depositphotos/Musiu0

    Реал Мадрид клубының бас бапкері Хаби Алонсо сегіз айлық қызметінен кейін отставкаға кетті, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Клуб басшылығы 44 жастағы Алонсоны 42 жастағы Альваро Арбелоа алмастыратынын мәлімдеді. Айта кетейік, Арбелоа Алонсомен бірге Испания ұлттық құрамасында және Ливерпуль сапында доп тепкен.

    Жексенбі күні мадридтік ұжым Испания суперкубогінің финалында басты қарсыласы Барселона командасынан жеңіліс тапты. Сонымен қатар, ұлттық біріншіліктің турнирлік кестесінде «Реал» «Барсадан» төрт ұпайға қалып, екінші орында тұр.

    Еске салайық, Хаби Алонсо бапкерлік жолында 2024 жылы Байер клубын Германия чемпионы атандырған. Ал бір жылдан соң, өткен жазда, ол әйгілі Карло Анчелоттидің орнына «Реал Мадридтің» бас бапкері қызметіне келген еді.

    Ал Альваро Арбелоа өткен көктемнен бері «Реал Мадридтің» қосалқы құрамдарымен жұмыс істеп келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →