Басты бет » Атыраудағы отбасы трагедиясы: Өз қызына халықаралық іздеу жарияланды

Атыраудағы отбасы трагедиясы: Өз қызына халықаралық іздеу жарияланды

file_83.jpg

Атырау облысы Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікке ілінген ер адам мен марқұмдардың 30 жастағы кенже қызына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс жасады деген негізгі күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ, бұл іске басқа да адамдардың қатысы болуы мүмкін екені тексеріліп жатыр.

Полиция іздеудегі әйел – күдіктінің әйелі Ақбаян Мұқанғалиева екенін нақтылады. Ол – қаза тапқан отбасының қызы және іс бойынша «хабар-ошарсыз кеткен» ретінде тіркелген.

«Біз халықаралық іздеудің қай бағытта жүріп жатқанын айта алмаймыз. Себебі күдіктілерге жетуі мүмкін кез келген ақпарат тергеу барысына кедергі келтіруі ықтимал. Халықаралық іздеу әлемнің барлық елінде жүргізілетінін еске саламыз», – деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Бұдан бөлек, өлтірілген ерлі-зайыптының 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиевті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оның телефоны 6 қаңтардан бері сөндірулі. Сондай-ақ отбасының 35 жастағы үлкен қызы Мейрамгүл Қарабалина да іздестірілуде.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика