Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Аяқкиімінің кесірінен алтыннан қағылды: ҰОК мәлімдеме жасады • «Депутат бола алмай қалғанын менен көрді ме»: Меруерт Түсіпбаева Аша Матай туралы • «Авторы мүлде басқа!»: Каспийде баласын күтіп отыр деген ананың видеосы фейк болып шықты • Алматы облысында тағы да жер сілкінді • Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды • Бір жүк көлігінің кесірінен Ақтауға кіретін жол мен пойыз қозғалысы жабылды (ВИДЕО) • Аяқкиімінің кесірінен алтыннан қағылды: ҰОК мәлімдеме жасады • «Депутат бола алмай қалғанын менен көрді ме»: Меруерт Түсіпбаева Аша Матай туралы • «Авторы мүлде басқа!»: Каспийде баласын күтіп отыр деген ананың видеосы фейк болып шықты • Алматы облысында тағы да жер сілкінді • Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды • Бір жүк көлігінің кесірінен Ақтауға кіретін жол мен пойыз қозғалысы жабылды (ВИДЕО) •

    Ақтөбеде оқушыларды таситын автобус жалған нөмірмен жүрген

    Ақтөбеде оқушыларды таситын автобус жалған нөмірмен жүрген

    Фото: Polisia.kz

    Ақтөбе облысында өтіп жатқан «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде жол ережесін бұзған 169 жүргізуші анықталды. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлайды.

    Полиция дерегінше, әдейі жалған мемлекеттік нөмір таққан үш көлік пен тіркеу нөмірін қасақана жасырған алты жүргізуші ұсталған. Олардың қатарында Ақтөбе қаласында оқушыларды тасымалдайтын автобустың иесі де бар. Ол қоғамдық көлікке жалған нөмір орнатып, жолға шыққан.

    Сонымен қатар құқық қорғау органдары мемлекеттік нөмірін бояп алған жүк көлігінің жүргізушісін және шетелдік нөмірдің үстіне жалған қазақстандық нөмір жапсырған тағы бір азаматты анықтаған.

    Рейд барысында қарсы бағытқа шыққан 11 жүргізуші, мас күйде көлік басқарған 3 адам, сондай-ақ мүлде тіркеу нөмірі жоқ көліктермен жүрген 11 жүргізуші жауапқа тартылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →