Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Тәжікстанда жер сілкінді

    Тәжікстанда жер сілкінді

    Фото: Pixabay

    9 қаңтар күні Астана уақытымен түнгі сағат 02:14-те (Гринвич бойынша 8 қаңтарда сағат 21:14) Тәжікстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлайды.

    ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, зілзаланың ошағы 38,74 градус солтүстік ендік пен 73,23 градус шығыс бойлықта орналасқан.

    Жер сілкінісінің магнитудасы mpv=5,9-ды құрады. Энергетикалық класы — K=12,7, ал ошағының тереңдігі 187 шақырымға жеткен.

    NOVA24-LIVE Telegram арнасының мәліметінше, аталған жерасты дүмпуі Өзбекстан аумағында да сезілген. Эпицентрде жер сілкінісінің күші 4,0 балл болған. Өзбекстан аймақтарында сезілу деңгейі төмендегідей:
    Ферғана облысы — 2–3 балл, эпицентрден 260 шақырым;
    Әндіжан облысы — 2 балл, 85 шақырым;
    Наманған облысы — 2 балл, 325 шақырым.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →