Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады • Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты • Тоқаев мақұлдаған әскери реформа жоспары іске асырыла бастады • Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады • Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты • Тоқаев мақұлдаған әскери реформа жоспары іске асырыла бастады • Мұхтар Тілеуберді Грузияда Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды •

    Айзат Жұманованы аяусыз өлтірген Айбар Жанболат 14 жылға сотталды

    Айзат Жұманованы аяусыз өлтірген Айбар Жанболат 14 жылға сотталды

    Марқұмның күйеуі кешегі сотта соңғы сөзін айтқан еді. Осылайша, былтыр Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованы өлтірген күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    – Жанболат медициналық көмек көрсетпеген және жасалған ауыр қылмысты жасыру мақсатында Айзатты бірнеше сағаттан кейін, түнгі шамамен 2:30-да ғана ауруханаға жеткізген, – деп көрсетілген айыптау актісінде.

    Тергеу деректеріне сай, 33 жастағы ер адам мас күйінде өз үйінің маңында әйелін аяусыз ұрып-соққан. Айзат есінен танса да, күдікті оны ұруын жалғастырған.

    Әуелгіде бұл іс «абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабымен тіркелгенімен, мәйітті эксгумациялап, қосымша сараптама жүргізілгеннен соң іс «адам өлтіру» бабына ауысты.

    Сот процесі басталғанда А.Жұманованың туыстары марқұмның жүкті болуы мүмкін екенін және мәйітханадан алған кезде оның денесінде атқа байлап сүйрегендей іздер болғанын жеткізген-ді. Бірақ, Тахир Халимназаров сотта бұл екі нұсқаны растамады.

    Бұған дейін марқұм Айзат Жұманованың күйеуі 15 жылға сотталуы мүмкін екенін жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →