Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Ақтөбе облысында жол полициясы қызметкері әріптесінің парасын жасырғаны үшін жұмыстан кетті

    Ақтөбе облысында жол полициясы инспекторы әріптесінің пара алғанын жасырғаны үшін жұмыстан шығарылды, сот бұл шешімді заңды деді.

    Ақтөбе облысында жол полициясы қызметкері әріптесінің парасын жасырғаны үшін жұмыстан кетті

    Ақтөбе облысында жол-патрульдік полиция инспекторы әріптесінің пара алғанын хабарламай, оны жасыруға жол бергені үшін қызметінен босады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Іс материалдарына қарағанда, Ақтөбе–Астрахань тасжолында патрульде жүрген Д. және М. есімді полицейлер Hyundai Accent көлігін тоқтатқан. Рөлде жас әйел болған.

    Инспекторлар жүргізуші мас күйде болуы мүмкін деп күмәнданған. Бірақ олар медициналық тексеруге жіберіп, әкімшілік хаттама толтырудың орнына басқа жолды таңдаған.

    Д.-ның әріптесі әйелден «мәселені жабу» үшін ақша талап еткен. Кейін құқық қорғаушылар екеуін де ұстады.

    Сот М.-ны пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Ал Д. қылмыстық жауапкершілікке тартылмады. Соған қарамастан Ақтөбе облысы полиция департаменті оны қызметтен абыройға нұқсан келтіретін негізбен шығарды.

    Бұрынғы инспектор бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінді. Ол жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп танып, қызметіне қайта қосуды сұрады. Сонымен бірге мәжбүрлі түрде жұмыссыз жүрген уақыты үшін 1,2 млн теңге жалақы, моральдық зиян ретінде 500 мың теңге өндіруді талап етті.

    Талап арызында Д. өзіне қатысты қылмыстық іс дәлел жетіспегендіктен тоқтатылғанын алға тартқан.

    Бірақ бірінші сатыдағы сот та, апелляциялық сот та арызды қанағаттандырмады. Сот шешімдерінде полицейлер билік өкілі ретінде антқа адал болып, қоғам мен мемлекет алдында жауапкершілікті күшейтілген тәртіппен көтеруі керек екені жазылған.

    Сот Д.-ның нарядтың аға қызметкері болғанын және пара беру жайы талқыланған сәтте қасында тұрғанын анықтады. Ол әріптесінің заңсыз әрекетін тоқтатпаған, әрі болған жағдайды басшылыққа да, құзырлы органдарға да хабарламаған.

    Осы деректерге сүйенген сот Д.-ның құқық қорғау органының беделіне нұқсан келтіретін тәртіп бұзушылық жасағанын, мұндай жағдайда заң қызметтен теріс себеппен босатуды көздейтінін көрсетті. Нәтижесінде жұмыстан шығару туралы шешімді сот заңды деп таныды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →