Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Бектенов: Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей көмек көрсетеді

    Бектенов: Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей көмек көрсетеді

    Фото: Үкімет

    Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей көмек көрсетеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

    — Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен басқа да өзекті мәселелерді айқындап берді. Президент біздің алдымызға қазіргі экономикалық даму нәтижелерін сақтап қана қоймай, сонымен қатар ұзақмерзімді нәтижеге баса мән бере отырып, даму қарқынын арттыру міндетін қойды. Бұл барлық саланы, оның ішінде энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, инвестицияларды тарту, агроөнеркәсіп кешені мен туризмді дамытуға қатысты маңызды бағыттарды қамтиды. Мемлекет басшысы атап өткендей, фискалдық саясатты қайта құру бақылау жасауға емес, серіктестік орнатуға баса мән бере отырып жүргізілуі тиіс. Сол арқылы орын алған теңсіздіктерді теңдестіруіміз қажет, — деді Үкімет басшысы.

    Сонымен қатар Премьер-министр энергетика және коммуналдық сектордағы жұмыс тәсілін уақытылы және сапалы іске асыру қажеттігіне баса назар аударылғанын айтты.

    — Әділетті тарифтер оны жүзеге асыруға бағытталған нақты қадам саналады. Мемлекет өз кезегінде шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей көмек көрсетеді. Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны нақты іске асыруға кірісуі керек. Көлік-логистикалық тораптарды салу, теңіз порттарын, әуежайлар мен теміржол вокзалдарын жаңғырту бойынша міндеттер шешімін табуда. Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар айқындалды. Көлік министрлігі, әкімдіктер мен компаниялар бекітілген іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруды қамтамасыз етсін, — деді Олжас Бектенов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →